26.05.2025 ж Тазалық денсаулық кепілі!

Тазалық– денсаулық негізі! 26.05.2025 ж. Түркістан индустриалды-құрылыс колледжіміздің білім алушыларымен бірге жеке бас гигиенасына қатысты маңызды шара өткізілді. Іс-шара аясында қышыма, түрлі тері ауруларының алдын алу бойынша тексеру және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды колледжіміздің білікті медбикесі Қ.Әбжаппар жүргізіп, білім алушыларға тері ауруларының белгілері, таралу жолдары және олардан сақтану жолдары жөнінде толық ақпарат берді. Мақсаты:
– Білім алушылардың тазалыққа мән беруін қалыптастыру
– Қышыма және тері ауруларының алдын алу
– Жеке бас гигиенасын сақтау мәдениетін арттыру
Тексеру нәтижесінде студенттердің көпшілігі тазалық талаптарын жақсы сақтап жүргені анықталды. Ал кейбір ескертулер бойынша қажетті медициналық кеңестер беріліп, бақылауға алынды.Тазалықты сақтау – өзіңе деген құрмет, өзгеге деген жауапкершілік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *