23.05.2025 ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде 1-курс білім алушы қыздармен Сұлулыққа құштарлық тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды!

2025 жылдың 23 мамыр күні Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде 1-курс білім алушы қыздармен «Сұлулыққа құштарлық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шайхыбекова, педагог-психолог Г.Орынбекқызы, және колледж медбикесі Қ.Әбжаппар бірлесе отырып өткізді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірім қыздар арасында өзін-өзі бағалау, сыртқы және ішкі сұлулықты үйлестіру, тазалық пен тәртіпке деген ұмтылысты қалыптастыру, жеке гигиена мен өзін-өзі күту мәдениетін насихаттау, сондай-ақ өз-өзіне сенімділікті арттыру болды.
Дөңгелек үстел барысында: Сұлулық туралы түсініктермен бөлісу; Ішкі және сыртқы сұлулықтың байланысы; Өзін-өзі бағалау мен қабылдаудың маңыздылығы; Жасөспірім шақтағы жеке гигиена және денсаулық; Сұрақ-жауап, пікір алмасу сессиялары өткізілді. Білім алушылар белсенділік танытып, өз ойларымен, сұрақтарымен бөлісті. Сонымен қатар қыз балалардың психологиялық, әлеуметтік және физикалық дамуы жөнінде маңызды ақпараттар беріп, пайдалы кеңестер айтты. «Сұлулыққа құштарлық» атты дөңгелек үстел қыздардың сұлулыққа деген көзқарасын тереңдетіп, өзін-өзі тану мен дамыту жолындағы маңызды баспалдақтардың бірі болды.

Біртұтас_тәрбие

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *