Колледж аккредитациясы
«ARQA» тәуелсіз білім беру сапасын сараптау агенттігі Түркістан облысы білім басқармасының «Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі» мемлекеттік кәсіпорнында 2019 жылдың 21-25 қазан аралығында 11 білім беру бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру стандарттарының өлшемдеріне сәйкестігіне институционалды және мамандандырылған аккредиттеу жүргізді:
№ | Шифр | Мамандығы | Біліктілігі |
1 | 1201000 | Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 1201062 – Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик 1201072 – Автокөлікті жөндеу слесарі |
2 | 1401000 | Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану | 1401022 – Ағаш ұстасы 1401032 – Құрылыс шебері 1401042 – Сылақшы |
3 | 1114000 | Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 1114042 – Электр газымен дәнекерлеуші |
4 | 0402000 | Дизайн (бейін бойынша) | 0402022 – Көркемдік-әсемдеу жұмыстарын орындаушы |
5 | 1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету(түрлері бойынша) | 1304012 – Сандық ақпараттарды қайта өңдеу маманы |
6 | 1414000 | Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша) | 1414012 – Жиһаз жинақтаушы |
7 | 1402000 | Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) | 1402162 – Автомобиль кранының машинисі |
8 | 0502000 | Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) | 0502012 –Радиоэлектрлік жабдықты жөндеу және қызмет көрсету бойынша радиомеханик (радио, теле-, аудио-, бейне). |
9 | 1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 1211062 – Арнайы тігінші |
10 | 0901000 | Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша) | 0901012 – Электромонтер (барлық атаулар) |
11 | 1112000 | Өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану | 1112030-Слесарь-жөндеуші |
ARQA тәуелсіз сарапшылар тобының мүшелері білім беру бағдарламалары, білім беруді жоспарлау және әдістемелік құжаттама, МТБ бойынша өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, жұмыс берушілермен, студенттермен, оқытушылармен, түлектермен және колледж әкімшілігімен сұхбаттасудағы сұрақтарды талдай отырып, аккредиттеу кеңесіне мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.
2019 жылдың желтоқсан айында ARQA аккредиттеу кеңесі Түркістан облысының білім басқармасы Түркістан өндірістік құрылыс колледжінің институционалды және мамандандырылған аккредиттеуін мақұлдады.
Заключение-аккредитации