Бағыт, миссия және стратегия

«Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі» МКҚК-ның

2020 -2030 жылға арналған стратегиялық даму

жоспары

Кіріспе

            Колледждің іргетасы 20 тамыз 1956 жылы өндіріске кәсіби білікті мамандар даярлау мақсатында «Шымкент қалалық кәсіптік-техникалық училище» болып құрылып, бірнеше жылдар бойы атауы №136 кәсіптік-техникалық училище, №17  кәсіптік-техникалық училище, №2 кәсіптік лицей, №2 колледж деп атаулары өзгертілді.

            2017 жылдан 2019 жылға дейін МКҚК «Оңтүстік Қазақстан индустриалды-құрылыс колледжі» деп, ал 2019 жылы Түркістан облысы  әкімдігінің 2019 жыл 21 қаңтар №11 қаулысы негізінде «Түркістан  индустриалды-құрылыс колледжі» МКҚК болып аталды.    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы16 қаңтардағы №17 «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы №271 қаулысы негізінде Облыстық коммуналдық меншіктегі «Түркістан  индустриалды-құрылыс колледжі» МКҚК кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілді.

2018 жылы Түркістан облысы бойынша рейтингке қатысқан колледждер арасынан «Жыл үздігі-2018» номинациясы бойынша «Оңтүстік Қазақстан индустриалды-құрылыс колледжі» 2018 жылдың «Үздік колледжі» номинациясының иегері болып танылды. Қазіргі таңда колледжде дайындалатын мамандықтар:

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Колледждің міндеттері мен келешегі 

«Түркістан индустриялық-құрылыс» колледжі МКҚК (ары қарай колледж) өзінің Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудағы үлесін жан-жақты білім беру инфрақұрлымын құру, жұмысшы мамандарын даярлау саласындағы ТжКБ мамандықтары бойынша инновациялық технологияларды жасау, теория мен практиканы ұштастыру, барлық мүдделі тараптардың әлеуметтік әріптестігін дамыту деп біледі.

Колледждің стратегиялық даму жоспарын жасау барысында білім берудің дамыту үрдістері, сонымен бірге қалыптасқан дәстүр мен аймақтық ерекшеліктер ескерілді. Атап айтқанда, жоспарланған іс-шаралардың барлығы тұтасымен колледждің білім беру кеңестігіне енуіне, ТжКБ ұйымдарының білім беру үрдісіне бағытталған. Колледж студенттерге білімдік қызмет көрсетумен ғана шектелмейді, білім деңгейі жоғары, ой-өрісі икемді, кәсіби оңтайлылығы, жеке және кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға жағдай жасау арқылы білім беру үдерісінің тиімділігі мен сапасын арттыру тәрізді колледж миссиясы айқындалған.

Колледжде осы мақсаттарға жету стратегиясы айқындалып, оқу жоспарына сәйкес жүргізілген оқу үрдісі мен мемлекет саясаты шеңберінде әзірленген тәрбие жұмысы білім алушыларды:

 – көшбасшы қасиеттерге ие қоғамның құрметті мүшесі ретінде;

– сындарлы ойлау мен нақты шешім қабылдауға қабілетті тұлға ретінде;

– өз кәсібінің үздік иесі ретінде;

– кәсіптік мансапта немесе білімін тереңдету барысында табысқа жетуге мүмкіндігі мол азамат ретінде тәрбиелейтін болады.

Стратегиялық жоспарда көзделген басым бағыттар:

1. Сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету, халықаралық білім беру кеңістігіне ену;

2. Білім алушылардың дамуы үшін, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту үшін жағдайлар жасау;

3.Жұмыс берушілер мен кәсіби білім беру қызметін тұтынушылар білімінің сапасы мен кәсіби дайындығы мазмұнының еңбек нарығының талабына сай келу сұранысын қамтамасыз ету;

4. Жаңа мамандықтар ашу немесе мамандар дайындаудың жаңа бағыттарын анықтау мақсатында еңбек ресурстары нарығын зерттеу;

5. Кәсіби қызметтің, кәсіби тәжірибенің және білім берудің технологияларын анықтау, білім алушыға қызметтің жаңа әдістері мен түрлерін меңгерту арқылы өмірлік қажеттілігі бар әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үйрету.

Колледждің 2020-2030 жылдарға арналған стратегиялық жоспары заңнамалық құжаттарға, атап айтқанда, ҚР «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және «Talap» КЕАҚ 2020-2029 жж. Стратегиялық даму жоспарына негізделіп жасалған.

 1-бөлім. МИССИЯ МЕН  ПАЙЫМДАУЫ

Миссиясы: Нарық талаптарына сәйкес әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары сапалы қызмет көрсетуге қабілетті мамандарды даярлау.

Пайымдауы:

       Еліміздің кәсіптік білім беру кеңістігінде индустрия, құрылыс саласындағы жоғары білікті мамандарды сапалы кәсіби даярлау жүйесіндегі жетекші колледжге айналу.

Мақсаты:

        Үнемі өзгеріп отыратын нарықтық ортада өзін кәсіби тұрғыдан жүзеге асыруға дайын, қоғамның және өңір экономикасының индустриалды-инновациялық даму талаптарына сәйкес келетін тәжірибеге бағытталған білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау.

Міндеттер:

1.Білім беру қызметтері нарығында сапалы кәсіби маман даярлау арқылы колледждің оң имиджін қамтамасыз ету.

2.Әлеуметтік серіктестер ұйымының тікелей қатысуымен әзірленген құзыреттілік тәсіл мен кәсіби стандарттарға негізделген білім беру бағдарламаларын іске асыру:

  • Студенттерде кәсіби маңызды қасиеттерді дамыту және олардың білім алу нәтижелері үшін жауапкершілігін арттыру;
  • Оқу үрдісінде заманауи инновациялық технологияларды, оқытудың модульдік-кредиттік жүйесін енгізу;
  • Желілік қызметтерді, кітапханаларды, оқу кабинеттерін, оқу процесін және электрондық құжат айналымын құрумен толық ақпараттандыру;
  • Қашықтықтан оқытудың инновациялық  технологиялары мен цифрлық білім беру ресурстарын дамыту.

3.Түлектердің кәсіби біліктілігін жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

4.Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында жұмыс берушілермен серіктестік қатынастарды дамыту.

5.Колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту.

6.Колледждің мамандандырылған және институционалдық әлеуетін арттыру.

Стратегиялық мақсат:

• Білім беру қызметінің халықаралық стандарты сапасына сай  және нарықтың барлық үдеуші   талабы  мен күтуіне жауап беретін білім беру қызметін көрсетуге әзірлігі мен кабілеттілігі.

• Білім беру процесінің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін  ғылыми-әдістемелік,  материалды-техникалық базасы,  қаржылық, кадрлық, ақпараттық және ұйымдастырушылығы.

        Колледж дамуының  стратегиялық бағыты сапалы  білім беру қызметіне қойылған міндеттердің тиімді шешу жолын табуға мүмкіндік беретін, сыни, өзін-өзі бағалауды өткізуді қамтамасыз ететін  жаңа инновациялық технологияларды енгізу,  техникалық және кәсіптік білім беруді оқыту жүйесінің  бар тәжірбиесін бөлісу мен жетілдіру жолы арқылы сапалы жаңа деңгейге өтудің  барлық құрастырушы білім беру процессін ұйымдастыру.