
20.05.2025 ж. күні Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу
жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар) тексеруі жүргізді. Мақсаты: білім алушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасын, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін және азық-түлік өнімдерінің сақтау жағдайын қадағалау. Тексеру барысында асхана жұмысы санитарлық талаптарға сай екені анықталды. Тағамдардың сапасы жақсы, мәзір талапқа сай жасалған. Қоймадағы азық-түлік өнімдері жарамдылық мерзіміне сай және дұрыс жағдайда сақталған. Комиссия мүшелері қызметкерлерге тазалықты сақтап, сапалы әрі құнарлы тағам ұсыну ісін жалғастыру қажеттігін ескертті. Студенттердің денсаулығы — басты назарда!