
СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!
Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі студенті Ибрагимов Тимур «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұйымдастырылған математика пәні бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпазы атанды!
Аталған білім сайысы 2025 жылғы 15 мамыр күні “Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледж” базасында өткізілді.
Ибрагимов Тимур Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қасымбекованың І дәрежелі дипломымен марапатталды. Жетекшісі – математика пәнінің оқытушысы Нурметова Раушан Абылайқызы.
Бұл жетістік – колледжіміздегі сапалы білім беру үдерісінің, ұстаздар еңбегінің және студенттің табандылығы мен ынта-жігерінің жарқын нәтижесі.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы білім жолында толағай табыстар мен биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!