15.05.2025ж Маңғыстау облысында 27-30 сәуір күндері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында Кірпіш қалау құзыреттілігінен DALASKILLS-2025 байқауы өтті.

Маңғыстау облысында сәуірдің 27-30 сәуір күндері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында “Кірпіш қалау (мешіт құрылысы)” құзіреттілігінен “DALASKILLS – 2025” өңіраралық байқауда Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің 2 курс білім алушысы Жалолов Нұрдаулет жеңіске жетіп, 1- орын иеленді!
Жалолов Нұрдаулет аталған құзіреттілік бойынша өз кәсібінің шебері екенін дәлелдеп, табандылықпен тапсырма барысында жоғары дағдыларын көрсете алды.
Байқау құрылыс саласының білім алушыларының өзара тәжірибе алмасуы мен бұдан да жоғары деңгейдегі байқауларда үздік нәтиже көрсетуге мүмкіндік берді.
Жалолов Нұрдаулеттің бұл жетістігі — облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру сапасының жоғары деңгейде және жетекшісі, облыстағы бас сарапшы Мамырова Гулжан Ерғазықызы өз ісінің нағыз шебері екендігінің тағы бір дәлелі. Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың қатысушыларға берері мол.
Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *