27.05.2025 ж Абай облысы Семей қаласында өткен құрылыс саласы бойынша Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің арнайы пән оқытушысы Тулебаев Базарбай Кірпіш қалау құзыреті бойынша қатысып жүлделі |-орын иеленді!

2025 жыл 27-30 мамыр күндері Абай облысы Семей қаласында өткен құрылыс саласы бойынша Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсына Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің арнайы пән оқытушысы Тулебаев Базарбай «Кірпіш қалау» құзыреті бойынша қатысып, жүлделі 🥇 I-ші орын иеленді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дарынды, шығармашылық педагогтерін анықтау және қолдау, құрылыс саласында инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында өткізілген кәсіби шеберлік конкурсында жеткен жетістік – бұл инженерлік саланың болашақ мамандарын даярлау саласына жаңа инновациялық технологияларды енгізудің нәтижесі, педагогтердің еңбегі, кәсіби тәжірибесі және табандылығы мен ынта-жігерінің жарқын нәтижесі!
Сонымен қатар, құрылыс саласы бойынша облыстың бас сарапшысы Мамырова Гулжан Ерғазықызы «Құрылыс өнері – The Art of Building» халықаралық фестивалінің жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін Абай облысының білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, жас ұрпақты сапалы біліммен сусындатып, білім мен тәжірибені ұштастырып, болашақ құрылыс мамандарын тәрбиелеу жолында еңбектеріңіз еселеніп, биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!

2025_Жұмысшы_мамандықтар_жылы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *