18.03.2025 ж Топ 100 студент республикалық байқауы.

ӨҢІРДІҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «ТОП 100 студент» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің нәтижесі шығып, үздіктер анықталды. «Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 Студенті» Республикалық конкурсының өткізілу жоспарына сәйкес облыстық кезеңдерді 24 ақпан мен 20 сәуір аралығында қашықтықтан өткізу жоспарланған. Байқаудың мақсаты ТжКБ ұйымдарында түрлі бағыттарда жетістікке жеткен талантты, дарынды студенттерге қолдау білдіру. Байқауға өңірдегі 17 колледжден 31 студент қатысып, нәтижесі бойынша жоғары бағаланған 10 студенттің жұмысы республикалық кезеңге жолдама алды.
Ондықтың ішінде топ жарып шыққан колледжіміздің 2 курс “Интерьер дизайн” мамандығының білім алушысы Әуелбек Аяна Турсынбайқызы, жетекшісі Лунина Елена Валентиновнаны жеңісімен құттықтай отырып, республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *