
“Мен өмірді таңдаймын” тренинг-кездесуі
27.03.2025 ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде КО9-24-15 тобының білім алушыларымен “Мен өмірді таңдаймын” тақырыбында тренинг-кездесу өтті. Шараны колледждің педагог-психологы Г.Орынбекқызы мен әлеуметтік педагог Қ.Әлмұрат ұйымдастырды. Білім алушыларға өмірдің құндылығы, өзін-өзі тану, қиындықтарды жеңу және болашаққа деген сенім қалыптастыру туралы маңызды ойлар айтты. Тренинг барысында қатысушылар өз сезімдерімен бөлісіп, мотивациялық жаттығулар жасап, өмірге деген көзқарастарын айқындады. Бұл кездесу білім алушыларға өз өміріне жауапкершілікпен қарауға және оң шешімдер қабылдауға көмектесетініне сенеміз!
Өмір – ең басты құндылық! Біз өмірді таңдаймыз!
