14.03.2025 ж.Өзін-өзі бағалау және өз-өзіне сенімділік қалыптастыру тақырыбында тренинг.

14.03.2025 ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде белсенді жастармен педагог-психолог Г.Орынбекқызы және жастар ісі жөніндегі инспектор Қ.Әлмұрат “Өзін-өзі бағалау және өз-өзіне сенімділік қалыптастыру” тақырыбында тренинг-кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың өзін-өзі бағалауын арттыру, ішкі сенімділікті қалыптастыру, жеке даму мен мотивацияға ықпал ету. Кездесу барысында жастар өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау, ішкі сенімділікті арттыру әдістері және психологиялық кедергілерді жеңу жолдары туралы маңызды ақпарат алды. Тренингтің негізгі бағыттары: Өзін-өзі бағалаудың маңызы және оны қалай жақсартуға болады? Сенімділікті нығайтуға көмектесетін психологиялық техникалар. Қорқыныш пен күмәнді жеңу жолдары.Табысқа жетудің тиімді стратегиялары туралы ақпараттар алды. Білім алушылар өз ойларымен бөлісіп, түрлі жаттығулар орындады, өмірдегі мақсаттары мен өзін дамыту жолдары туралы пікір алмасты. Осындай тренингтер жастардың жеке тұлға ретінде дамуына, өз-өзіне деген сенімін арттыруға және болашаққа нық қадам жасауына септігін тигізеді.
Өзіңе сен – болашағың өз қолыңда!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *