
05.03 2025 жылы Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің спорт залында бірінші курс білім алушылары арасында “Бір тұтас тәрбие бағдарламасы” аясында спорттық эстафетадан жарыс өтті. Эстафета өте тартысты болды. Эстафетаның мақсаты: білім алушыларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру.
Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру студенттердің өмірге құштарлығын ояту, заман талабына сай болуға үйрету. Салауаты өмір салтын сақтауға шақыру.
