Алғыс айту күніне орай “Алғысым шексіз” атты тақырыбында біртұтас тәрбие сағатын өткізді.

Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің Жаратылыстану ПЦК апталығының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 03.03 күні 1 курс КО9-24-16, АЭ9-24-06 топтарымен информатика пәнінің оқытушысы Сәрсенбекқызы Балауса Алғыс айту күніне орай “Алғысым шексіз” атты тақырыбында біртұтас тәрбие сағатын өткізді.
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ – бірлігін айғақтайтын ерекше күн.
Алғыс айту күні – жүректен шыққан ізгі лебіздер мерекесі. Бұл күн — бір-бірімізге алғыс айтып, жақсылық пен ризашылықты бөлісетін сәт. Әр игі іс, айтылған жылы сөз жүректерді жақындастырып, мейірім мен түсіністікке жол ашады.
Алғыс айту — ізгіліктің белгісі, ал ризашылық – жанның байлығы.
Көктемнің алғашқы күні мен Алғыс күні құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *