
4 наурыз күні Қарағанды қаласында “Euroskills Herning -2025” Қарағанды техникалық құрылыс колледжінде Кірпіш қалау құзіреттілігінен “Euroskills Herning -2025” қатысу үшін, Wordskills Kazakhstan чемпионатының ұлттық құрамасына іріктеу турына колледж студенті Жалолов Нұрдаулет қатысып, өз шеберлігі мен біліктілігін көрсетіп, ІІ орын иеленді. Аталған турда колледждің арнайы пән оқытушысы, бас сарапшы Мамырова Гулжан Ерғазықызының кәсіби дәрежесінің жоғары екендігі айқын көрініс берді. Сондай ақ, осы Қарағанды техникалық құрылыс колледжімен алдағы уақытта тәжірибе алмасып, құрылыс саласында үлкен жетістіктерге жетуге бірлесіп жұмыстар жүргізу мақсатында екі жақты келісім жасап, меморандумға қол қойды.
