
17.10.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде ЖББП оқытушылары «NIS» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен 2023жылдың маусым айында өткен «Колледждегі оқытудың басымдықтары мен жетілдіру стратегиялары» тақырыбындағы оффлайн курстарының 1-ші кезеңде біліктілік арттыру курсынан География пәні оқытушысы Б.Молдабеков және химия пәнінің оқытушылары Н.Темирбаева мен Г.Меңліқұлова өтті.Педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту және оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдануға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны бойынша курстан өткен оқытушылар өздерінің жинақтаған ақпараттарымен және білім беру жүйесіндегі жаңалықтармен колледж педагогтеріне іс-тәжірибесімен бөлісіп, таныстырды. Курс тыңдаушыларының курс сабақтары бойынша пікірлері жоғары болды.