Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы

18.10.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің медбикесі Қ.Шораева және “Medical service” емханасының дәрігері нарколог Сматұлла Ердос Әскерұлы, ВОП дәрігері Сейдалиев Самат Мухтарбайұлы “Біз есірткіге қарсымыз” тақырыбында. Семинар өткізді. Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Ұлыбритания, Бельгия, Грекия, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет…….Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады.Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан,Мол бақыт күтем жас ұрпақ сенен жасырман.Басқаны қайдан ұлылық күтем өз басым,Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан, деген ниетпен үлкен үміт арттық. 💞

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *