
16.10.23ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі кітапханасында “Ұстаздар-ізгі жандар” атты көрме ұйымдастырылды. Қазіргі таңда зейнеткер өзінің адал еңбегімен жас ұрпаққа үлгі-өнеге болумен қатар, білімімен қоса, колледждің өркендеуіне өз үлесін қосқан зейнеткер ұстаздарымыздың еңбектерімен, газет-журналдар бетіне шыққан мақалаларымен таныстырылды. Көрменің мақсаты: Ұстаздар еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Көрмеге колледж оқытушыларының еңбектері қойылды.