
22.09.2023 ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде ата – аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста колледжіміздің директоры К.Ибраимкулов сөз алып 1 курс білім алушыларының ата-аналарын құттықтап, 2023-2024 жаңа оқу жылына қойылатын талаптар, мақсаты мен міндеттерін, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы айтып өтті. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары А.Эшанкулов оқу процесі жайында түсіндіріп өтсе, директордың оқу-өндіріс ісі жөніндегі орынбасары Б.Тултаев оқу-тәжірибе сабақтары және өндірістік практика кезіндегі әр мамандықтың арнайы киім үлгісі жайында тоқталды.”Құқық бұзушылықты алдын алу” бойынша Шымкент қалалық КПД Аль-Фараби аудандық ішкі істер бөлімі инспекторлары түсіндіріп өтті.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шайхыбекова колледждің ішкі тәртіп ережесі мен сабаққа кері әсер ететін тиым салынған заттарды алып келмеу туралы. Заң алдында кәмелетке толмаған балдарға ата-ана жауапты екенін ескертіп, ата-аналарға өз балдарына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:- Ата-ана мен колледж арасындағы келісім шарт;- Кәмелетке толмаған білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналар жауапкершілігі;- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және саналы ұрпақ тәрбиесі.Жиналысқа қатысқан ата-аналар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Ата – аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.