
25.09.2023ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің педагог-психологы А.Тураева, әлеуметтік-педагогы Қ.Әлмұрат 1 курс 23-02 тобының студенттеріне “Жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасы” тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Мақсаты: Қарым-қатынас үдерісінің маңыздылығын түсіндіру, кері байланысқа түсуде ақпараттардың түрленуін түсіндіру, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, мәдени сөйлей білуді үйрету, өзара жағымды қарым-қатынас шеңберін арттыру, парасатты, ұйымшыл тұлға тәрбиелеу. Тренинг барысында «Бәріне ортақ зейін» ,«Жағымды сөз» жаттығулары жасалып “Қарым-қатынаста қандайсыз” тақырыбында тест алынды.