Электр жабдықтары салалары мамандығының 1 курс ЭМ 23-32, ЭМ 23-33 топтары

21.09.2023ж. Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде дуальді – модульдік жүйе негізінде білім алушылар “Электр жабдықтары салалары” мамандығының 1 курс ЭМ 23-32, ЭМ 23-33 топтары бойынша әлеуметтік серіктес, “Түркістан транспорттық компаниясы” ЖШС-да колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Тултаев Бауыржанның ұйымдастыруымен, дуальді оқыту жүйесі бойынша білім алушылар үшін арнайы дәрісхана ашылды. Арнайы пән оқытушысы Самбетов Асан, оқу-өндірістік шебері Байкулаков Нұржанның ат салысуымен аталған топтарға дәріс оқылды. Дуальді оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *