
25.03.2023ж. Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының білім басқармасының «Қош келдің – әз Наурыз» атты онкүндік жоспарына сәйкес, Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің 22-04 тобының топ жетекшісі Е.Сыдыков пен топ шебері А.Имашов білім алушылармен бірге қарттар үйіне барып, бауырсақтар мен тәттілер апарып, Наурыз мерекесімен құттықтап қайтты.Мақсаты: Оқушылардың бойына мейірімділік қасиеттерін ояту және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.