
21.03.2023ж. “НАУРЫЗ – ТАРТУ” ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР БАЙҚАУЫ.Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының білім басқармасының «Қош келдің – әз Наурыз» атты онкүндік жоспарына сәйкес, Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде Наурыз мерекесіне орай топтар арасында “Наурыз тарту” ұлттық тағамдар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – ұлттық ас үйдің сан ғасырлық дәстүрлерін сақтау және дәріптеу. Қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық дастарханын қайта жаңғырту.