Қоғамдық-гуманитарлық пәндер

27.03.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды пайдалану және педагогтардың шығармашылық шеберлігін көрсету; озық іс-тәжірибелерін насихаттау, өзара тәжірибе алмасу; білім алушыларға танымдық әрі шығармашылық қабілеті мен іс-әрекетін дамыту жолдарын анықтау мақсатында «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбында «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» ПЦК апталығының ашылуы өткізілді. Апталық барысында педагогтарымыздың ашық сабақтары, сыныптан тыс іс-шаралары мен шебер-сыныптары өткізіліп, өз шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асырып, студенттердің білімін жан-жақты тереңдету, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту арқылы іс-тәжірибелерінде жинақталған әдіс-тәсілдері, оқу үрдісінде қолданылатын, енгізілген инновациялық технология түрлерімен бөлісіп, іс-тәжірибе алмасатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *