
15.03.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерін насихаттау, спорттық сайыстар түрі – асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру ойындары бойынша білім алушылар арасында сайыстар ұйымдастырылды. Мақсаты: Студенттерді салауатты өмір сүре білуге шақыру, эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Тәрбие мен білімнің қайнар көзі білім ошағы. Бала денсаулығының мықты болуы, дене құрылысының дұрыс жетілуі, салауатты өмір салтын дұрыс ұстану арқылы қалыптасады. Бұл орайда біз ұлттық ойындарға үлкен көңіл бөлуіміз керек. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.