
10.03.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің АС 22-11 тобының топ жетекшісі Б.Молдабековтың ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағатының мақсаты: Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру, өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.