
16.03.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі кітапханасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған “Наурыз- шаттық мереке” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 1 курс білімалушылары қатысты. Наурыз -көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлеген күн. ”Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын” дейтін қазақтың ұлттық мейрамы.Көрменің мақсаты: Бүкіл түркі халқының ұлық тойы-Наурыз мерекесін ұлттық салт -дәстүрімізбен, әдет ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.