
04.06.2021ж. 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Біздің Ту, Біздің Ел таңба, Біздің Әнұран» мерекелік жастар акциясы өткізілді.Акция аясында мегаполистегі «Орталық саябақта» мемлекеттік жастар саясатына үлес қосқан әр түрлі саладағы (Жоғары және орта арнаулы оқу орындары, құқық қорғау, емдеу ісі, спорт, отбасы банк, бизнес саласы, БАҚ өкілдері) азаматтар мен азаматшаларды және Түркістан Индустриалды-құрылыс колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхыбекова Салима Пулатовна әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның алғыс хатымен марапатталды.Алғысты Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мәди Манатбек табыстады.