Ташкент құрылыс колледжінің базасында халықаралық семинар өтті.

03.06.2021ж. Осыдан екі жыл бұрын Өзбекстан мемлекеті ең алғаш UzbekistanSkills чемпионатын өткізген кезде Ташкентке барып Түркістан облысының колледждері Ташкент қаласында орналасқан бірнеше колледждермен семинарлар мен шебер-сыныптар арқылы тәжірибе алмасу мақсатында әріптестік меморандумға қол қойған болатын. Енді міне қайта 3-4 маусым күндері Өзбекстан құрылыс министрлігінің ұйымдастыруымен Ташкент құрылыс колледжінің базасында халықаралық семинар өтті. Семинарға Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты. Түркістан облысының Келес ауданындағы 13 колледждің, Төлеби ауданында орналасқан Түркістан Көпсалалы-техникалық колледжінің және біздің колледж мамандары семинарға шақырылып тәжірибе алмасып қайтты. Бұл колледжде WorldSkills Russia чемпионатының серіктесі Технониколь компаниясының соңғы үлгідегі құрылыс материалдарымен, құрал жабдықтарымен шебер-сыныптар өтті. Өзбекстан құрылысшыларының көпшілігі шетелде жұмыс істеуге мәжбүр болатындығын және әрбір құрылысшының табыс табу мақсатында шетел асатын отандастарының санын азайтуды мақсат етіп қалада ірі құрылыс об’ектілері көбейгендігі туралы құрылыс министрі айтып өтті.Өзбекстанның Жоғары және орта кәсіптік білім министрлігі жастардың білім алуына жауапты болса, халықтық білім министрлігі оның даму стратегияларын жүзеге асырумен айналысады екен, ал колледж тікелей құрылыс министрлігіне салалық-ведомстволық бағынышты екен. Инновациялық технологияның даму қарқыны өте жылдам жүріп жатқандықтан құрылыс саласындағы мамандар да жан жақты хабардар болып, өз шәкірттеріне білгенін үйретуге асығуда.Халықаралық қатынастың дамуына үлес қосу, құрылыс саласындағы білім сапасын арттыру, ғылыми практикалық конференциялар, семинар, шебер сыныптар, чемпионаттар өткізу үшін тәжірибе алмасу мақсатында колледж директорлары келісім шартқа қол қойды.