
09.06.2021ж. Түркістан облысы Құрылыс саласындағы құзіреттілік орталығы Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде 2021 жылдың 9 маусым күні «Дуальды оқыту жүйесі-заман талабы» тақырыбындағы есептік семинар-практикумы болып өтті. Семинардың мақсаты: Дуальды оқыту жағдайында Worldskills чемпионаты стандарттарына сәйкес нақты қызметтерді және өндірістік процестерді модельдеу жағдайында бітірушілердің тәжірибелік біліктілік пен дағдыларының деңгейін көрсету; колледжде құзіреттілік орталықтың Worldskills стандарттарына сәйкес жүзеге асырылған инновациялық технологияларын білім беруді жоспарлау мен ұйымдастыруда оқу үрдісіне енгізу болып табылады.Семинар-практикумға «Талап» КЕАҚ-ның вице-президенті – Татибеков Санжар Мейірханұлы, Worldskills қозғалысын дамыту басқармасының бас менеджері -Еставлетова Атыркуль Алгатаевна, Түркістан облысы әдістемелік орталықтың мамандары және де облыстық ТжКБ ұйымдарының оқытушылар құрамы қатысты.Семинар-практикумда алғы сөзді колледж директоры Калиева Нурсулу Абдешқызы алып, семинар-практикумның мақсатымен таныстырып шықты.Ары қарай «Қазақстандағы WorldSkills қозғалысын дамытудың стратегиялық мәселелері туралы» тақырыбымен «Талап» КЕАҚ-ның вице-президенті Татибеков Санжар Мейірханұлы баяндама жасады. Санжар Мейірханұлының баяндамасының жалғасы ретінде әріптесі, Worldskills қозғалысын дамыту басқармасының бас менеджері – Еставлетова Атыркуль Алгатаевна «Worldskills талаптары бойынша демонстрациялық емтихан өткізудің негізі мен ерекшеліктері» тақырыбында өз баяндамасын жасады. Баяндамада демонстрациялық емтиханға дайындық және оны өткізудің кезеңдерімен толықтай мәлімет беріп, таныстырып өтті.Колледж директорының ӨОІЖ орынбасары –И.Харахордин «Колледжде сапалы мамандар даярлау жүйесінде құрылыс саласы бойынша құзыреттілік орталығының рөлі және демонстрациялық емтихандарды енгізу жолдары» тақырыбына тоқталып, құзіреттілі орталығының жұмыстарын таныстыра кетті. Worldskills талартарын оқу бағдарламасына енгізудің мақсаттарының бірі – білім алушыларды демонстрациялық емтиханға дайындау болса, бітіруші студенттердің қорытынды емтихандарын осы демонстрациялық емтихан арқылы тапсырулары – олардың болашақта өндірісте қойылатын талаптарға сай дайын маман болып шығуларына тигізер әсері мол болып отыр. WorldSkills – бұл жұмысшы мамандықтары бойынша кадрларды даярлау сапасын арттыруға және оларды жастар арасында танымал етуге бағытталған халықаралық қозғалыс екенін баршамызға аян. Ал, демонстрациялық емтихан – біліктілік емтиханы немесе жаңа форматтағы қорытынды аттестаттау немесе бітіруші түлектерді даярлау сапасын тәуелсіз бағалау моделі (сертификаттау). Біздің Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде үш біліктілік бойынша – 3W0212010 «Көркем-дизайнерлік жұмыстарды орындаушы»;- 3W07150501 «Электргазымен дәнекерлеуші»; – 3W07320702 «Жол-құрылыс машиналарының машинисі» (Автокрановщик) құзыреттіліктері бойынша алғаш рет CIS жүйесін қолданана отырып халықаралық WorldSkills стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтихандар өткізілді.Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін емтихан өткізу алаңдарын жабдықтап, талап етілетін қажетті материалдар мен емтихан құжаттарын алдын-ала дайындау барысында бірқатар жұмыстар атқарылды. Студент орындаған тапсырманы тәуелсіз сарапшылар атап айтсақ, «DALA-CONSTRUCTION», «DALA-TRANS» ЖШС-нің мамандары, өндірістік оқыту шеберлері бағалауда. Қорытынды бойынша демонстрациялық емтихандарды сәтті тапсырған бітіруші түлектерге дипломмен қатар оған қосымша «Skills Passport» электрондық паспорты беріледі. Жоғары нәтиже алған түлектерді жұмыс берушілер және әлеуметтік серіктестер сұранысқа ие құзыреттер бойынша үздік жас мамандардың кәсіби машығы мен дағдылары үшін жұмысқа шақырылды.