
Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде 12.06.2025 ж АЭ9-24-04 тобының білім алушыларымен “Жарақаттар туралы түсінік, олардың жіктелуі және жарақаттану кезіндегі асқынулар” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Колледж медбикесі Қ.Әбжаппар ұйымдастырып, білім алушыларға тұрмыста, өндірісте немесе күнделікті өмірде орын алуы мүмкін жарақат түрлері, олардың қауіптілігі мен алдын алу жолдары туралы кеңінен мағлұмат берді. Сонымен қатар алғашқы көмек көрсету ережелері мен дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдері де түсіндірілді. Мақсаты: білім алушылардың жарақат алу жағдайындағы алғашқы әрекеттерді дұрыс орындау қабілетін арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және денсаулыққа деген жауапкершілікті күшейту. Білім алушылар алған ақпаратты белсенді түрде талқылап, сұрақтар қойып, өз білімдерін толықтырды. Мұндай іс-шаралар олардың өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгеруіне үлкен септігін тигізеді.