
Облыстық байқау: «Ұлттық рух-жүрек тәрбиесімен қалыптасады»
2025 жылғы 05 маусым күні, Түркістан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Түркістан облысы ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары арасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұлттық рух-жүрек тәрбиесімен қалыптасады» атты облыстық байқау өтті.
Байқауға Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары Шайхыбекова Салима Пулатовна қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді. Байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, тәрбие жұмысындағы үздік тәжірибелерді анықтау және шығармашылдықпен жұмыс істейтін мамандарды қолдау.
Қатысушылар өз мекемлеріндегі тәрбие жұмысының мазмұны мен ерекшеліктерін, ұлттық рухты қалыптастыру бағытындағы жобаларын, іс-шараларын таныстырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Жеңісті күндеріміз көп болсын!