
‘ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА “ТАЗА ЖАҒАЛАУ” ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ.
Бүгінгі 23.04.2025 жылы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен “Таза жағалау” акциясына Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің білім алушылары қатысып, өз үлестерін қосты. Білім алушылар “Қошқар ата” өзені бойында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ондағы ағаштарды түптеу, көше бойларын сыпыру мен қураған ағаштарды қырқу, орындықтарды бояу сынды жұмыстарды атқарды.
Әрбір азамат осы игі іске өзінен бастап, табиғатты қорғауға нақты үлес қоса алады. Сондықтан баршаңызды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.