29.04.2025ж 5күндік оқу-дала жиыны

2025 жылдың 22 сәуір күні Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің білім алушыларын АӘД жетекшісі У.Тагаевтың ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығына 5 күндік оқу-дала жаттығу жоспарына сәйкес танымдық мақсатта барды. Іс-шараның мақсаты – студенттерді ішкі істер органдары қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру, патриоттық рухта тәрбиелеу, құқық қорғау саласына деген қызығушылықты арттыру және кәсіби бағдар беру болды. Сапар барысында білім алушыларға Оқу орталығының құрылымы, оқыту жүйесі, материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Орталық қызметкерлері болашақ мамандарға ішкі істер органдарындағы қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттер оқу-жаттығу процесін, арнайы жабдықтарды және оқу алаңдарын көзбен көріп, көптеген сұрақтарына жауап алды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттерге үлкен әсер қалдырды. Кездесу соңында қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, болашақта ішкі істер саласында қызмет етуге деген ынталарын білдірді. Қорытынды: Аталған іс-шара білім алушылардың құқық қорғау саласы туралы білімдерін кеңейтіп, олардың кәсіби бағдарын нақтылауға оң ықпал етті. Осындай кездесулер студенттердің отансүйгіштік қасиеттерін дамытып, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар береді.

5_күндік_дала_жиыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *