
✨”Құмарлықсыз өмір: Саналы болашаққа қадам» атты лудоманияның зияны және отбасындағы зорлық-зомбылық”✨
Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің ДТІЖ орынбасары С.П.Шайхыбекова, колледж педагог-психологы Г.Есенгелдиева, колледж әлеуметтік педагогы Қ.Әлмұрат пен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Құмарлықсыз өмір: Саналы болашаққа қадам» тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты – жастардың әлеуметтік, кәсіби, материалдық тұрғыдан және құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлықтың зияндығын және жастардың көңіл күйін, психологиялық ауытқудың алдын алу сондай ақ дұрыс психологиялық ахуал қалыптастыру және тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Жастар ресурстық орталығының психологиялық көмек күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің психолог маманы Сайдахан Жібек Мұратқызы және Шымкент ҚПД зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Алдаберген Лаура Бауыржанқызы қатысты.
Кездесуде жастар арасындағы зиянды дүниелер туралы сөз етіліп, жастармен кері байланыс орнатылды.
Біртұтас_тәрбие
