
Жастар ресурстық орталығында колледж білім алушылармен заң туралы маңызды кездесу өтті!
24.02.2025 ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің КО9-24-14 тобының білім алушылары топ жетекшісі, жауапты маман Ж.Дюсебаевамен бірге “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды” тақырыбында өткен кездесуге қатысты.
Іс-шара 21.02.2025 ж. №08-74 хатқа сәйкес ұйымдастырылып, білім алушыларға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, заңды білудің қоғамдағы орны және жеке жауапкершілік туралы түсіндірілді, жастарға заң бұзушылықтың салдары, құқықтық жауапкершілік және өз құқықтарын білу, заң шеңберінде өз құқығын дұрыс пайдалану қажеттілігі жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосады.
