
Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі 2025 жылдың 10-14 ақпан аралығында І-курс білім алушылары арасында Жаратылыстану пәндер циклдық комиссиясы бойынша колледжішілік олимпиадасы басталды.
Олимпиада мақсаты:
- негізгі және орта жалпы білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын игеретін білім беру ұйымдары білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінен тыс өзіндік сабақтарға қызығушылығын анықтау және дамыту;
- қызығушылығы мен оқу саласы ұқсас басқа білім алушылармен білім және тәжірибе алмасуға;
- болашақ мамандыққа қызығушылықты қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау.
Жоспарға сәйкес 10 ақпан күні математика пәні оқытушылары Р.Түктібаева., Р.Нурметова., П.Құлтасова 1-курс білім алушылары арасынан олимпиаданың 1-ші кезеңін өткізді, 11-ақпан күні олимпиаданың 2-ші кезеңін өткізіп нәтижесін шығарды.
Нәтиже бойынша І-орын КО9-24-18 тобының студенті Т.Ибрагимов., ІІ-орын АЭ9-24-07 тобының студенті А.Жорабек., ІІІ-орын КО9-24-16 тобының студенті Қ.Әміртайқызы иеленді.