06-07.02.2025 Нашақорлықтың алдын алу бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде 07.02.2025 ж. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі басқармасының “Жастар ресурстық орталығының 06.02.2025 ж.№08-58 хатына сәйкес “Нашақорлықтың алдын алу”бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы әлеуметтік педагог Қ.Әлмұрат пен педагог-психолог Г.Есенгелдиева ұйымдастырды. Сауалнаманың мақсаты: білім алушылардың нашақорлық туралы хабардарлығын анықтау, есірткіге тәуелділікке әкелетін негізгі себептерді зерттеу, жастардың бұл мәселеге деген көзқарасын білу, алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыруға негіз қалыптастыру болатын. Сауалнамаға 50 білім алушы қатысты. Бұл зерттеу жастардың нашақорлыққа деген көзқарасын түсініп, ақпараттандыру жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *