
02.09.2024ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде 1-ҚЫРКҮЙЕК – “Білім күніне” орай, «Білім күні. Бейбітшілік күні!» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Колледж директоры Ибраимкулов Қанат Қадырұлы салтанатты жиынға келген ата-аналарды, ұстаздарды, колледжге биыл түскен 1-курс білім алушыларды 1-қыркүйек Білім күнімен және оқу жылының басталуымен құттықтады. Жаңа 2024-2025 оқу жылы сапалы білім мен саналы тәрбиені өскелең ұрпақ бойына сіңіруде жасаған еңбектеріміз еселеніп, табысты, нәтижелі болсын!
Шығармашылықтарымыз шыңдалып, кәсіби өсу жолында тек өрлей берейік!