
23.05.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде«Қыз өмірдің гүлі» тақырыбында медбике Қ.Әбжаппар, педагог-психолог А.Тураева қыздар жиналысын ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.