
15.05.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 маусымында №508 қаулысымен «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында “Біз жастар есірткіге қарсымыз!” тақырыбында білім алушыларға кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу. Білім алушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.