
14.05.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің 2024-2025 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес АӘД пәнінің оқытушысы Д.Телгозин “Ақайдар” ЖОМ-нің 9-шы және 11-ші сынып оқушыларына үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Оқушылар колледж туралы мағлұматтар алды. Көпшілігі колледжге экскурсияға келіп, әрі қарай оқуға ниет білдірді.Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.