
18.04.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің ЖІЖ инспекторы Б.Аязхан мен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімнің басшысы Қыпшақбаев Рауанмен біргелікте “Деструктивті діни ағымдар ықпалын алдын алу” тақырыбында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Ақпараттық – насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әбдікәрім Нұржан Кеңесұлы және “Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı” орт.мешітінің бірінші найб имамы Мусабек Актамберді Мухитулымен колледж білім алушыларымен кездесу өтті. Мақсаты: жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, қоғамдағы діни тұрақтылықты қалыптастыру, мемлекеттік этносаясатты түсіндіру, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім сақтау, Отан алдындағы әскери борышты өтеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру болып табылады.