
16.04.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхыбекова Салима Пулатовна, әлеуметтік педагог Әлмұрат Қанат Балтабайұлы және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Палхожаева Гулмира Мұхтарқызымен біргелікте нашақорлықтың алдын алу бағытында “Нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру” тақырыбында колледжі студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Манабаева Балжан Хамидуллаевна, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Мусаева Жанар Тулеуовна. Кездесудің мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу. Кездесу барысында спикерлер нашақорлықтың адам өмірі мен денсаулығына кері әсері, есірткіге құмарлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы қажетті ақпараттар беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Сондай-ақ, жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.