
08.02.2024 ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде ДОТІЖ орынбасары Шайхыбекова Салима Пулатовна және Жастар ресурстық орталығының “Психологиялық көмек күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің бөлім басшысы Айгүл Қанатқызының ұйымдастыруымен “Ардагерлер жанынан құралған аналар кеңесінің” төрайымы Баешева Қыздығой Жалмарқызы, Республикалық “Ана мұраты”, Аналар тобының жетекшісі, Ел анасы- Зульфия Бекмырзақызы колледж жастарымен кездесті.Кездесудің мақсаты: Жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, саналы көзқарас қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беру, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана болуға дайындау. Бүгінгі жастар ертең ата-ана болады, тек өз бойларында жақсылық пен жамандықты ажырата алуға, өмірдегі шындыққа саналы жауапкершілікпен қарайтын, өз-өздерін танып, дамытатын тұлғалар ғана біздің еліміздің жарқын болашағы болмақ.Кездесу соңында, жастар өз сауалнамаларын қойып, естелікке суретке түсті.