
06.02.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде 2024 жылдың 06 ақпан күні ДОТІЖ орынбасары Шайхыбекова Салима Пулатовнаның ұйымдастыруымен, колледж медбикелері Әбжаппар Қарлығаш пен Шораева Құрманайдың үйлестіруімен, колледж қыздарына Қазақстан Республикасындағы адамгершілік жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама аясында «Ерте жүктілікті алдын алу» атты қыздар жиналысы талапқа сай өткізілді.Адамгершілік-жыныстық тәрбие жұмысына Шымкент медикал сервис клиникасының акушер-гинеколог маманы Биханова Айнат Жораханқызы сөз алып, «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, – деген сауал төңірегінде ой қозғап колледж қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық, гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті.Колледждің педагог-психологі Тураева Айжамал сөз алып, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Көптеген отбасында әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ, бұл – дұрыс еместігін айтып өтті.Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі – келешек аналар қолында, қыз баланың тәрбиесіне де байланысты .