
11.10.23ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің әлеуметтік-педагогы Қ.Әлмұрат, педагог-психологы А.Тураева 1 курс 23-23 тобының білім алушыларына «Буллинг және оның алдын алу» тақырыбында кездесу, тренинг ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Буллинг жағдайларын тануға және оған қарсы тұруға үйрету. Білім алушылар арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу. Топ ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. Міндеті: Буллингтің себептері мен формалары туралы көзқарасын қалыптастыру; білім алушылармен бақылаушы позициясынан буллингтің жағдайына жауап беру тәсілдерін талдау; қарым-қатынаста тұлғаның әлеуметтік-ізгілік мотивтерін қалыптастыру; кикілжіңдерге сындарлы әрекет етуге дағдыландыру; мақсат қоюға және оған жетуге дағдыландыру.