Синтетикалық есірткіні тұтыну, зиянды әдеттердің алдын алу!

09.10.2023ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің педагог-психологы А.Тураева, әлеуметтік–педагогы Қ.Әлмұрат АЭ9-23-12, КО9-23-22 топтарының білім алушыларына «Синтетикалық есірткіні тұтыну, зиянды әдеттердің алдын алу!» тақырыбында кездесу ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Нашақорлық – ғасыр дерті екендігін, синтетикалық есірткі заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Өмір – өмір сүру үшін берілетінін, ғасыр дертімен күресуде әрбір азамат шетте қалмау керектігін түсіндіру. «Денсаулық-зор байлық», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. Студенттерге өмірлерін ұзарту да қысқарту да өз қолдарында екенін ұғындыру. Кездесу барысында «Даулы бекітілім», «Ашық айтқанда» жаттығулары жасалынды. Бұл жаттығулардың мақсаты ақпаратпен қоса, нашақорлық мәселесіне өз көзқарастарын анықтауға мүмкіндік береді. Қорытындылай келе «Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі көркем болсын десек, ғасыр індетіне қарсы тізе қосып күресіп, «Салауатты өмір салтын ұстанайық» деп аяқтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *