
19.09.2023ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің 1 курс білім алушы қыздарымен “Medical services” емханасының Гинеколог және Психолог мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу мақсаты: жастарға Ерте жүктілік және оның зардабы. Гигиена қыздар тазалығы туралы толық ақпарат берілді. Қауіпсіз мінез-құлық дағдысына үйрету, қазіргі таңда елімізде қыздардың жүкті болып қалу күнәсіз сәбилерді дүниеге әкелу. Жасөспірім қыздарға әр қадамын дұрыс басып, қателікке жол бермеуін, келешек ана екенін атап айтылды. Колледж медбикесі К.Шораева: Біз колледж білім алушыларының теріс қадамға бармайтынына сенеміз, қыз баланы қырық үйден тыю туралы, абыройын сақтау әулетіне кір келтірмеу, етегін ұзын етіп кию, түн ішінде жүрмеуі туралы, сонымен қатар елдің болашағы үшін өз абыройларыңызды ойлау. Ұл ақылды болып өссе-отбасының абыройы. Қыз ақылды болып өссе-елдің абыройы деген әдемі тіркеспен аяқтадық.