
16.09.2023ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі «Құқық бұзушылықтың алдын-алу басты мақсат» тақырыбында І курс білім алушыларымен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.П.Шайхыбекова мен Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ ЮПБ аға инспекторлары полиция майоры Ирисбеков Рахымжан Испандиярович, полиция майоры Курбанов Ербол Ертостикович, полиция капитаны Байсеитов Саттар Мустафаевичпен құқықтық профилактикалық кездесу өткізілді. Қалыпты өмірлік жағдайларын білу мақсатында білім алушылардың жеке істерімен жұмыс жасау және мәлімет жинау. Құқықтық және оқу тәртібі туралы білім алушылармен әңгімелесу. Жол ережесін түсіндіру, жастарды тәртіпке және салауатты өмір салтын ұстауға шақыру мақсатында, құқықтық профилактикалық түсіндірме жұмыстармен бөлісті.