Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті

11.09.2021 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа жағдайдағы экономикалық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту сынды маңызды мәселелермен қатар білім саласын дамыту, оның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға назар аударды.«Білім беру жүйесіне ынталы және білікті мұғалімдер қажет. Менің ойымша, мұғалімдерді қайта даярлау 5 жылда бір емес, 3 жылда бір рет жүргізілуі тиіс, өйткені олар жаңа білімнің тасымалдаушысы, нағыз ағартушы болуы керек. Сонымен қатар, мұғалімдер курстарға өз қаражаты есебінен қатысатын жағдайларға жол бермеу» деген Президентіміздің сөздері әрбір педагогке ой салғандай. Өз кезегінде ұжым Жолдауды толығымен қолдап, еліміздің көркейіп, білім саласының дамуына үлестерін қосуға ниет білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *